Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Халық заңгері»

«Халық заңгері»

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

2024 жылы 30 мамырда Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпыреспубликалық акциясы бір мезгілде өтеді!

Заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, білікті ұсыныстар айтып, Сіздерге заң тұрғысынан көмектесетін болады.

Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Келіңіздер, құқықтық көмекке мұқтаж жандардың барлығын күтеміз!

Акция өтетін мекенжайы: Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Д.Қонаев көшесі №8 «Тереңөзек кенті мәдениет үйі».
Басталуы: 30 мамыр, сағат 17:00-де.

27 мамыр 2024 ж. 202 0