Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

2025 жылғы 30 мамырда Қазақ­стан Республикасының барлық қала, аудан орталықтарында «Халық заңгері» ауқымды жалпы респуб­ликалық акциясы бір мезгілде өтеді!

Заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, білікті ұсыныстар айтып, Сіздерге заң тұрғысынан көмектесетін болады.

Акция Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар – Қазақстан Рес­публикасының Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Келіңіздер, құқықтық көмекке мұқтаж жандардың барлығын кү­теміз!

Акция өтетін мекенжайы: Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Д.Қонаев көшесі №8 «Тереңөзек кенті мәдениет үйі».

Басталуы: 30 мамыр, сағат 17:00-де.


Сырдария ауданының әкімдігі
24 мамыр 2025 ж. 72 0