Саяси жаңғырту және азаматтық қоғамды дамыту – Қазақстанның тұрақты болашағының кепілі

Саяси жаңғырту – билік құрылымдарының тиімділігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ашық әрі әділ сайлау жүйесін қалыптастыру сынды бағыттарды қамтиды. 2022 жылдан бері елімізде бірқатар маңызды реформалар жүзеге асып келеді: Президент өкілеттігінің қысқаруы, Парламенттің рөлінің артуы, партиялық жүйені жаңарту, сондай-ақ аралас сайлау жүйесін енгізу – осының айғағы.
Мұнымен қатар, саяси жаңғыру азаматтық қоғаммен етене байланыста іске асады. Азаматтық қоғам – бұл мемлекеттен тәуелсіз, халықтың ерікті түрде құрған ұйымдары мен бірлестіктері. Олар өзекті мәселелерді көтеріп, халықтың дауысын билікке жеткізеді. Қазіргі таңда Қазақстанда мыңдаған үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. Олар жастар, білім, экология, әлеуметтік әділеттілік сияқты салаларда белсенді рөл атқаруда.
Азаматтық қоғамның дамуы – демократиялық мәдениеттің көрсеткіші. Әрбір азаматтың қоғамдық өмірге араласуы – ел тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі. Мемлекет осы үдерісті қолдап, заңнамалық және қаржылық тетіктер арқылы ынталандыруда.
Саяси жаңғырту мен азаматтық қоғамды дамыту – Қазақстанның алға ілгерілеуінің басты негізі. Бұл екі бағыт ел болашағын айқындайтын маңызды тетіктер. Тек белсенді азаматтар мен әділ басқару жүйесі бар қоғам ғана тұрақты, өркендеген мемлекет құра алады.
Аружан Абылай
Қорқыт Ата атындағы
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда университетінің
І курс студенті
Фото: Ашық дереккөзден
І курс студенті
Фото: Ашық дереккөзден