Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел болашағы айқындалатын тарихи таңдау

Ел болашағы айқындалатын тарихи таңдау

Бүгінде еліміз саяси жаңару мен жаңғыру кезеңінен өтуде. Бұл жолда мемлекеттегі саяси жүйені түбегейлі өзгерту үшін ашықтық пен жариялылық принциптері басты орынға шықты. Со­ның айғағы ретінде Ата Заңымызға енгізілетін түзетулерге байланысты Мемлекет басшысы референдум өткізуді ұсынды. Бұл – мемлекетіміз үшін ма­ңызды қадам, мемлекеттік басқаруда ха­лықтың ықпалын арттырудағы үлкен мүмкіндік.

Жалпы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған референдум мемлекет пен қоғам қатынасында тиімді құқықтық негіз қалыптастыруға бастау болады. Бұл – Әділетті Қазақстан құрудың бас­тамасы. Кон­сти­туциялық реформадағы басты қағида: күшті Президент, ықпал­ды Парламент және есеп беретін Үкі­мет. Сондай-ақ Конституциялық Сот құ­ры­лып, өңірлік деңгейдегі басқару тетігі де күшейеді. Осының барлығы Консти­туцияның 33 бабына енгізілетін 56 түзе­туде қарастырылады.

Ата Заңымызға өзгерістер енгізу арқылы біз жаңа қоғам қалыптас­ты­рамыз. Өзгерістерге бет бұрып, соның нәтижесінде қоғамдық құн­дылықтарды жаңарту және ұлттың жаңа сапасын жетілдіруге атсалысамыз. Мемлекеттік маңызы бар істе халықтың мүддесі ал­дыңғы орында тұрады. Әрине бұл бір сәтте немесе бір күнде атқарылатын іс емес. Біз қоғамды қайта құрудың терең және ұзақ процесіне бірте-бірте келе жатырмыз. Сол себепті Ел Президенті айтқан Жаңа Қазақстан – қоғам мен ұлттың жаңаруы, ал Екінші Республика – мемлекеттік модельдің жаңаруы екенін түсініп, оны жүзеге асыруға әрбіріміз атсалысуымыз керек.

Ел тұрғындары өсіп-өркендеген, заң үстемдік ететін, тең құқылы, ашық қо­ғам­да өмір сүруді қалайтыны айқын. Осы жолда халықтың бел­сенділігі әсте қажет. Сондықтан ел тағдырын айқындайтын осынау маңызды кезеңде шет қалмай, ортақ мүдде жолында тарихи таң­дау жасауға бір кісідей жұмылуымыз керек. Жаңа қоғам, біз қалаған өзгерістер жарқын болашағымыздың айқын көрінісі болмақ.






Бауыржан ӘЛИЕВ,
Н.Ілиясов ауылы әкімі аппаратының
әлеуметтік қызметкері
31 мамыр 2022 ж. 414 0