Жылу беру маусымының қорытындылары талқыланды

Өткен жылу беру маусымында облыстағы кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істеді, апатты жағдайлар тіркелген жоқ. Жауапты маусым сәуір айында аяқталды. Қазіргі уақытта алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде.
Биыл жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 13 млрд 500 млн теңге қаржы жоспарланған. Атап айтқанда, Оңтүстік қазандықтағы «Воно энерджи» маркалы үш бу қазандығын жаңғыртуға Үкімет резервінен 2 млрд 524 млн теңге, жергілікті бюджеттен 1 млрд 329 млн теңге бөлінді. Қайта жаңғырту жұмыстары қыркүйек айында толық аяқталады.
Сондай-ақ жергілікті бюджет және кәсіпорын қаражаты есебінен 1 генератор, 10 бу және 21 автономды қазандық жөнделуде. Бүгінде жұмыстың 30 пайызы орындалды. Желілерді жаңғыртудың 6 жобасын іске асыруға бюджеттен 7 млрд 403 млн теңге қаралған. Мердігерлер анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылордада қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы бой көтерді. Инвесторы «Акса Энерджи» түрік компаниясы құрылысқа 137 млрд теңгеден астам инвестиция құйып, негізгі қондырғылар толық жеткізіліп, орнатылуда. Қазіргі уақытта жұмыстың 70 пайызы атқарылған. Орталық IV тоқсанда іске қосылады.
@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі