Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аймақ басшысы өңірдің экономикалық мәселелері бойынша Астана қаласына барды

Аймақ басшысы өңірдің экономикалық мәселелері бойынша Астана қаласына барды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапарымен Астана қаласына барды. Сапар кезінде аймақ басшысы Президент Әкімшілігі, Үкімет және тиісті министрліктерге облыстың даму жобалары бойынша ұсыныстар енгізді.

Дүйсенбіде Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровпен кездесіп, аймақтың экономикалық өсіміне қатысты мәселелерді, алдағы жоспарды талқылады.

Сейсенбіде ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысына қатысты. Күн тәртібінде газ саласын дамыту мәселелері талқыланды. Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте аталған мәселе бойынша аймақтағы жағдай қаралып, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берілді.

Жиында сұйытылған газдың басқа облыстарға кетпеуін қадағалау, газ құю станцияларының тиісті заңнама талаптарын сақтауына мониторинг жүргізу қажеттігі ескертілді.

Мұнан бөлек, елді мекендерді газдандыру жайы қаралды. Өткен жылдың қорытындысына қарасақ, тұрғындарды табиғи газбен қамту үлесі 75 пайыз болды, 12 елді мекен табиғи газға қосылды. Осылайша газдандырылған ауылдар саны 35-ке жетті. Биыл республикалық бюджеттен 20 жобаға 5,9 млрд теңге берілді. Бұдан бөлек, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы 16 газдандыру жобасын қаржыландыруға 24 млрд теңге бөлді. Жыл соңына дейін 11 ауылдық елді мекен табиғи газға қосылып, "көгілдір отынмен" қамту деңгейін 78 пайызға, газдандырылған елді мекен санын 46-ға жеткізу жоспарлануда.

Бүгін облыс әкімі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру және жылу маусымына дайындық барысы талқыланған Президент Әкімшілігінің отырысына қатысты.

Еске салайық, бұған дейін аймақ басшысы жауапты тұлғаларға сол жағалаудағы 900 орындық, Арал қаласындағы және Жаңақорған кентіндегі 600 орындық мектептерді 1 қыркүйекке дейін оқушылар игілігіне беруді, қалған 7 мектепті қараша айына дейін салып бітіруді жүктеген болатын.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу жоспарланған. Өткен жылы 6900 орындық 10 мектептің құрылысы басталса, биыл 5400 орындық 11 мектеп құрылысы басталады деп күтілуде. Қызылорда облысының әкімдігі мектептерге инфрақұрылым жеткізуге жергілікті бюджеттен 118,4 млн. теңге бөліп, жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Сараптама қорытындысы алынды. Инфрақұрылым жүргізуге жергілікті бюджеттен 1,7 млрд. теңге бөлініп, 7 мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.

Жылы беру маусымына дайындық қарқынды жүруде. Бұл мақсатқа Үкімет барынша қолдау көрсетіп, сұратылған қаржы бөлінуде. Желілерді жаңғыртуға республикалық бюджеттен 6 млрд. 200 млн. теңге, «Қызылорда жылу-электр орталығының» «Bono energy» маркалы 3 бу қазандығын жаңғыртуға Үкімет резервінен 2 млрд. теңге, барлығы 8,3 млрд.теңге бөлінді.

Биыл жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 12 млрд.теңге қаржы қаралды. Оның ішінде жоғарыда атап өтілгендей, республикалық бюджеттен 8,3 млрд.теңге, облыстық бюджеттен 3 млрд.теңге, «ҚЖЭО» өз қаржысы есебінен 566 млн.теңге. Жергілікті бюджет және кәсіпорын қаржысы есебінен 2 газотурбиналық қондырғының генераторы мен 11 қазандыққа күрделі жөндеу, 1 турбина мен 15 қазандыққа ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Жылу желілерін жаңғыртудағы 6 жобаны іске асыруға 6 млрд. 900 млн. теңге қаржы бөлінді.

Облыстағы 1 067 әлеуметтік нысанның дайындығы 51%, оның ішінде білім беру нысандары 48%, денсаулық сақтау 52%, мәдениет және спорт нысандары 55% әзір.

Биыл «Қызылорда жылу-электр орталығының» газотурбиналық қондырғылары мен автономды қазандықтарын жөндеуге облыстық бюджеттен 2 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Жауапты мекеме басшыларына осы жұмыстың сапалы әрі мерзімінде атқарылуын бақылау тапсырылды.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының оңтүстік өңірлерде электр энергиясы тапшылығын болдырмау тапсырмасына және қолданыстағы орталықтың тозығы жетуіне байланысты түрік инвесторымен бірлесіп, құны 215 млрд теңге болатын жаңа жылу орталығының құрылысы басталғаны белгілі. Орталық 2025 жылы іске қосылады. Шетелдік инвестиция есебінен салынатын жаңа ЖЭО 240МВт электр қуатын өндіре алады. Жоба жүзеге асырылғанда Қызылорда облысы электр энергиясымен, Қызылорда қаласы жылу энергиясы және ыстық сумен толық қамтылатын болады.

Биыл облыстағы 9 әлеуметтік нысанның қазандықтарын газға ауыстыруға қажетті қаржы бөлінді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
18 шілде 2024 ж. 201 0