Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өз қан қысымыңды біл

Өз қан қысымыңды біл

Дүниежүзілік гипертониямен күрес лигасының қолдауымен, 2025 жылдың 17 мамырынан бастап бір апталық дүниежүзілік гипертониямен күрес күнінің 20 жылдығына орай бүкіл әлемде жаһандық ақпараттық науқан өткізіледі. 2025 жылғы Дүниежүзілік артериалдық гипертониямен күрес күнінің ұраны "Қан қысымыңызды дәл өлшеңіз, бақылаңыз,ұзақ өмір сүріңіз" деп аталады.

Осы орайда, бүгін аудандық аурухананың ұйымдастыруымен орталық алаңда "Өз қан қысымыңды біл" акциясы өтті. Белсене атсалысып, жергілікті тұрғындарға қол ұшын созуда салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы Лилия Ауминова мен жалпы тәжірибелік дәрігер Ақжан Ерланқызының үлесі зор.

"Аймақтың ауа-райының аптап ыстығында қан қысымы көтерілуі әбден мүмкін. Келеңсіз жағдайдың алдын алу мақсатында дәрігерлердің кеңесіне жүгіне отырып, ыстықта далаға шықпаған абзалырақ" деп ескертеді сала мамандары. Бүгінгі акцияға тұрғындар белсене қатысып, қан қысымы көтерілген адамдарды жедел түрде емханаға жіберу жүргізілді. Сонымен қатар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, барынша сақтық шараларын сақтауды ұсынды. 
20 мамыр 2025 ж. 79 0