Бүгін — дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басқарма төрағасы, профессор, медицина ғылымдарының докторы Роза Куанышбекова гипертонияның алдын алу және емдеу туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17 мамыр - дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні. Биыл ол «Өзіңіздің артериялық қан қысымыңызды өлшеңіз, бақылаңыз, ұзақ өмір сүріңіз» ұранымен өтіп жатыр.
Негізгі идеясы – әр адам үнемі өзінің артериялық қан қысымын өлшеп отыруы тиіс. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басқарма төрағасы, профессор, медицина ғылымдарының докторы Роза Куанышбекованың айтуынша, артериялық қан қысымының жоғары болуы өлім мен мүгедектікке алып келетін инфаркт пен инсульттің даму қаупінің жетекші факторы.
«Гипертония – жүрек-қантамыр ауруларының ең кең тараған ауруы. Жүрек-қантамыр аурулары жылына шамамен 17 млн өлім жағдайына себеп. Бұл өлімнің жалпы санының үштен бір бөлігі. Олардың ішінде гипертонияның асқынуы жыл сайын әлемде болатын 9,4 миллион өлім жағдайын тудырады. Гипертонияның үлесіне жүрек ауруларынан болатын өлімнің 45%-ы және инсульттен болатын өлімнің 51%-ы келеді» - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, ол әр адам қауіптің аса елеулі факторлары туралы білуі тиіс екенін айтты.
«Артериялық гипертонияның басқарылатын қауіп факторлары бар. Бұл адамның психоэмоциялық жүктемеге, стреске реакциясы, артық салмақ, дене қимылының аз болуы, үнемі отырып жұмыс жасау; темекі шегу, алкогольді шамадан тыс қолдану, тұз, май мен қантты артық қолдануы. Осындай факторлармен күреспейінше, артериялық гипертонияның алдын алу және емдеуде табысқа қол жеткізу қиын»,- дейді дәрігер.