Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ақ халатты абзал жандар алғысқа бөленді

Ақ халатты абзал жандар алғысқа бөленді

"AMANAT" партиясының "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында 12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күніне орай салтанатты кеш ұйымдастырылды.

Салтанатты іс-шарада партия филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы ақ халатты абзал жандарды мерекемен құттықтап, бірқатар қызметкерлерді арнайы алғыс хатпен марапаттады.

– Сіздерді 12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мейірбике – денсаулық сақтау саласының негізгі қозғалтқыш күші. Ауданымыздың денсаулық сақтау саласында тапжылмай тер төгіп, еңбегімен елдің ыстық ықыласына бөленген ардақты мейірбикелерімізге алғысымызды білдіреміз! Денсаулықтың жаршысы, адам өмірінің қорғаушысы, науқастың дертіне дауа сыйлаушы ақ халатты абзал жан, еңбегіңізге сәттілік, деніңізге саулық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін – деді партия филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы.

14 мамыр 2025 ж. 229 0