Аудан әкімі егіс алқаптарының лазерлік тегістеу жұмыстарымен танысты

Аудан басшысы облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың егіс алқаптарын әртараптандыру үшін негізгі дақыл – күріш көлемін біртіндеп тұрақтандырып, жерді нөлдік лазерлік тегістеу тәжірибесін өндіріске енгізу туралы тапсырмасын атап өтті. Осыған байланысты жергілікті шаруалармен және техниканы іске асырып жатқан мамандармен тілдесіп, олардың жұмысына сәттілік тіледі.
Ауыл шаруашылығы саласындағы көктемгі дала жұмыстарының барысы мен заманауи аграрлық технологияларды қолдану тәжірибесі туралы серіктестік директоры Дархан Ералиев ақпарат берді. «Мағжан и К» ЖШС 2025 жылы су үнемдеу және суды тиімді пайдалану мақсатында 9 дана заманауи лазерлік жер тегістегіш техникасымен 2000 гектар жерге тегістеу жұмыстарын жүргізуде.
Аудан әкімі заманауи технологияларды кеңінен қолдану арқылы еңбек өнімділігін арттыру, жерді ұтымды пайдалану – қазіргі ауыл шаруашылығы саласының басты міндеті екенін атап, жауапты сала мамандарына алдағы көктемгі дала жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі