Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Фитосанитариялық күрес жұмыстарына жаңа техникалар жұмылдырылды

Фитосанитариялық күрес жұмыстарына жаңа техникалар жұмылдырылды

Биыл облыс көлемінде жатаған у кекіреге қарсы – 97,5 га, қауын шыбынына қарсы 1750 га,калифорниялық қалқанша сымырына қарсы – 34,5 га,арамсояуға қарсы – 427,87 га жерге өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Жалпы зиянкестертерге қарсы күрес жұмыстарын жүйелеу үшін арнайы жер агрегаттары, 2 аса жеңіл ұшақ, 1 дана ұшақ, 3 дана дрон қатыстырылған. Фитосанитариялық жұмыстарды жүргізу мақсатында біздің аймақ үш бірдей облыспен ынтымақтастық байланыста. Олар: Түркістан, Ақтөбе және Ұлытау облыстары.

– Ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы 2025 жылы 60 024 га жерге химиялық өңдеу жүргізу жоспарланды. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге әуе арқылы жеңіл ұшақпен 15 434 гектар жер көлеміне және аса жеңіл ұшақпен 33 476 гектар жер көлеміне конкурс нәтижесімен «Авиакомпания «Дельта-Юг» ЖШС, жер агрегатымен 7 152 гектар жер көлеміне конкурс нәтижесімен «Бағжан» ЖК жеңімпаз болып анықталды. Пилотсыз авиациямен 3962 гектар жер көлеміне «Фитосанитария» РМК мекемесімен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Биылғы жылы аудандар бөлінісінде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғау іс-шараларын ұйымдастыру жөнінде «2025 жылы Қызылорда облысында шегіртке зиянкестерімен күрес шараларының іс-жоспары» жасалынды,- деді Мұхтар Әуесұлы.

Айта кетейік, шегіртке зиянкестерімен күрес шараларын ұйымдастыру жұмыстарын жүйелеуге 4 жұмысшы топ жұмылдырылады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

12 мамыр 2025 ж. 97 0