Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 34 газет

10 мамыр 2025 ж.

№ 33 газет

06 мамыр 2025 ж.

№ 32 газет

03 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Ел мен ердің жеңісі

Ел мен ердің жеңісі

Сұрапыл шайқастың артында қаншама жанның маңдай тері мен қаны жатыр. Ұрпақтарына бейбітшілік сыйлап қана қоймай кең байтақ даланы «қазақ» жері деп айқындап кетті. Міне осы майдангерлердің және Отан қорғаушылардың мерекесі қарсаңында аудандық аграрлы-техникалық колледжі ұжымының ұйымдастыруымен іс-шара өтіп, ғасыр жасаған ардагер Яхия Тасыровқа құрмет көрсетілді.

«Аталы сөз тон болмас» дегендей, ер-азаматтың орны қашанда бөлек. Нәзік жандының қорғаны бола білген азамат, Отан үшін де қорғаушы. Бүгінгі бейбітшілік заман да сол қажырлы ата-бабаларымыздың еңбегі. Іс-шараны колледж директорының міндетін атқарушы Дархан Қожахметов ашты. Қазақ даласының тарихына тоқталып, ұйқысыз түндер мен жауған оқтың арасынан аман қалған майдангерлерімізді атап өтті. Өскелең ұрпаққа «Отан қорғаушы» атына лайық болуды нық түсіндірді. Осындай тағылымды кеш жиі ұйымдастырлуы керек екенін ойға салды. Колледж түлектеріне жүрекжарды лебізін білдіріп, келешек үлкен өмірге сәттілік тіледі. Мерекелік іс-шара колледж білім алушыларының өнерімен жалғасты. Арнау оқылып, ән айтылды. Көрерменнің мерейі артып, көңілді кешке ұласты. Іс-шараны колледж кәсіподақ төрағасы Ғани Нұрланов қорытындылады.

– Бүгінгі бейбіт күніміз – ата-бабаларымыздың жанқияр ерлігі мен тылда еңбек еткен халықтың маңдай терінің жемісі. Осыны әрбір жас жүрегіне түйіп өсуі тиіс. Тарихын ұмытқан халықтың болашағы бұлыңғыр. Сондықтан бүгінгі іс-шара – тек еске алу ғана емес, тағылым мен тәрбие сағаты, – деді.

Мерекелік кештің соңы майдангер Яхия Тасыровқа құрмет көрсетумен жалғасын тапты. Сұрапыл соғыстың дәмін татып, ғасыр жасаған ақсақалға арнап колледж түлегі Ақерке Ермағанбет жүрегінің түкпірінен шыққан өлеңімен бөлісті. Жанқияр ерлігі ешқашан да ұмытылмайтынын айтып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен аудандық аграрлы-техникалық колледж директорының міндетін ат­қарушы Дархан Сейдалыұлы, ау­дандық Қорғаныс Істері жөніндегі бөлім басшысы подполковник Жомарт Прназаров, Қорғаныс Істері жөніндегі бөлім басшысының орынбасары майор Бақытжан Сейтов және колледж қызметкерлері мен түлектері құт­тықтады. Ауданның Құрметті азаматы, ардагерімізге сый құрмет көр­сетіліп, бүгінгі күнге алғыс білдірді. Өмірдің ащы мен тәттісін қатар көрген қариямыз ақ батасын беріп, түлектерге ақ жол тіледі.

Бүгінгі ұрпақ – сол құрбандық пен ерліктің арқасында өсіп келе жатқан буын. Жеңістің 80 жылдығы бізге өткенді ұмытпау, ерлікке тағзым ету, бейбіт өмірді бағалау қажеттігін ескертеді. Ұлы Жеңіс – ұлттың рухын көтерген, бірлік пен ынтымақтың символы.

Гүлсезім ЖАНСЕРІКҚЫЗЫ

10 мамыр 2025 ж. 166 0