Ерлікке тағзым - ұрпаққа үлгі

Кездесуге Чернобыль апатын жоюға қатысушы ардагерлер Ерташов Нұрқасым Нәбиұлы мен Тасқынбаев Рүстем Сүйеубайұлы және Ауған соғысының ардагері Арғынбаев Гаримжан Назарұлы қатысты.
Шара барысында ардагерлер өздерінің бастарынан өткерген қиын-қыстау күндерінен, жауынгерлік жылдарынан естеліктер айтып, әскердегі қызмет жолынан әңгіме тарқатты. Сонымен қатар, оқушыларды Отанды сүюге, оған адал қызмет етуге шақырып, жас өрендерімізді Отанымыздың патриоты болуға үндеді.
Кездесуде оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ардагерлермен пікір алмасты.
Ерен ерліктің үлгісін көрсеткен батырларымыз әрқашан жастардың жадында сақталады. Ардагерлеріміздің әрбір сөзі, әрбір іс-әрекеті – кейінгі ұрпаққа үлгі болып қалмақ.