Чернобыль апатын жоюға қатысқан ардагерлер ардақталды
Кеше аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Чернобыль апатын жоюға қатысқан сырдариялық ардагерлерді қабылдап, құрмет көрсетті.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен шараға ардагерлермен қатар, аудан әкімдігіне қарасты мекеме қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу жиынын ашып, жүргізіп отырған аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы осыдан 36 жыл бұрын орын алған апаттың себебі мен салдары туралы кеңінен айтып өтті.
Апатты жоюға қатысқан ардагерлердің ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге екенін жеткізді. Сонымен қатар, қазіргі таңда аудан көлемінде апат орнында болған ардагерлерді қолдау, әлеуметтік-сауықтыру шаралары тұрақты жүргізіліп жатқанын айтты.

Ұйымдастырылған шарада ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында аудан әкімі «Алғыс хаты» және сыйлықтар берілді.
Сырдария ауданының әкімдігі