Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Qaisar-2025: Жастар еліміздің басты әскери-патриоттық алаңында асқақ рух пен патриотизмнің жарқын үлгісін көрсетті

Qaisar-2025: Жастар еліміздің басты әскери-патриоттық алаңында асқақ рух пен патриотизмнің жарқын үлгісін көрсетті

Қазақстанның барлық өңірінен келген 100 қыз-жігіт екі күн бойы табандылығы менбатылдығы арқылы Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетіп, күш-жігерін, ептілігі мен тапқырлығын сынады.

Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған жыл сайынғы «Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының жеңімпаздары анықталды.

Екі күн бойы жоғары сынып оқушылары оқ ату сайысы, ұлттық спорт түрлері, эстафеталар мен кедергілер жолы бойынша сынға түсіп, әскери-тарихи сұрақ-жауапқа қатысты. Сонымен қатарбиыл қатысушылар виртуалды шайқас жағдайында тактикалық іс-қимылды пысықтауға мүмкіндік беретін отандық «Геотактика» симуляторын сынап көрді. Қатысушылар қорғануды, шабуыл жасауды және елді мекенді жау қолынан тазартып алуды, сондай-ақ джойстик пен виртуалды көзілдірік арқылы қару-жарақ пен ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаруды үйренді.

05 мамыр 2025 ж. 249 0