“С.Сейфуллин Жер” шаруашылығына саяхат ұйымдастырылды

Қоймада шаруашылықтың бас инженері мен механигі Есназаров Атымтай мен Мығымбаев Мешітбек оқушыларға күріш тазалау жұмысы, техникалары жайлы, жалпы қоймада атқарылатын жұмыстар туралы баяндап берді. Оқушылар күріш тазалау алаңында тұрған ауыл шаруашылығы техникасы түрлерімен танысты. Саяхат еңбек құндылығын, еңбек адамдарына деген құрметті насихаттау, мамандық түрлерімен танысу мақсатында ұйымдастырылды.