Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » С.Сейфуллин ауылында оқыту жұмыстары басталды

С.Сейфуллин ауылында оқыту жұмыстары басталды

«AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша С.Сейфуллин ауылындағы оқыту жұмыстары басталды.

Оқытудың ашылуына «AMANAT» партиясының Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы А.Ибрагимұлы, С.Сейфуллин ауылының әкімі Б.Қыдырбаев арнайы қатысты.

– «AMANAT» партиясының«Қарызсыз қоғам» жобасы бүгінде бүкілхалықтық сипат алды. Бұл – жобаның халыққа қажеттілігін және дер кезінде ұйымдастырылып жатқанын білдіреді. Жоба бойынша қараша айының өзінде 300-ге жуық тұрғын оқытудан өтіп, қаржылық сауаттылығын арттырды. Нақтырақ айтқанда, Асқар Тоқмағамбетов ауылында – 59, Тереңөзек кентінде – 74, Шаған ауылында – 98, Бесарық ауылында – 54 азамат оқумен қамтылды. Оқыту желтоқсан айының 02-06 аралығында С.Сейфуллин ауылында ұйымдастырылады, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.

Оқыту жұмыстары 5 күнге созылады деп жоспарлануда. Оқытуды белгілі қаржы сарапшысы Б.Мәмен жүргізеді.

02 желтоқсан 2024 ж. 221 0