Ұлттық банк теңге құлдырайды деген қауесетке қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстанның Ұлттық банкі теңге бағамы төмендейді және инфляция деңгейі өседі деген қауесетке қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қаржы реттеушісінің мәліметінше, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде теңге бағамының құлдырайтыны және инфляция деңгейінің өсуі туралы жалған ақпарат тарап жатыр. "Қазақстанның Ұлттық банкі бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Қазіргі уақытта әсері бар әрі анық қатер жоқ", - деп мәлімдеді Ұлттық банктегілер.
Соңғы уақыттарда байқалып жатқан теңгенің аздап ауытқуына бірінші кезекте шетелдік валютаға деген еңбек демалыстарына байланысты маусымдық сұраныстың өсуі себеп екені айтылады. Тағы бір факторы АҚШ Федералдық резерв жүйесіндегі мөлшерлеменің өсуі екен. Оның нәтижесінде АҚШ долларының әлемдік нарықта нығаюы мен дамушы нарықтардан капиталының аздаған төмендеуі байқалады.
"Мұнай әлемдік нарығы тарапынан теңге айырбас бағамына жағымды әсерін тигізіп отырғаны байқалады. Мұнайдың орташа бағасы барреліне 70 долларға жуықтайды. Осының есебінен елдің төлем балансы жақсарады", - делінген хабарламада.
ҰБ мәліметінше, жылдық инфляция арнаулы дәліз ішінде төмендеп жатыр. Мамырда оның деңгейі 6 пайызға тең болған. Сонымен қатар, жыл басынан бері инфляцияның барлық құрамсы бойынша төмендеуі байқалған.
Ұлттық банк жалған мәлімет таратушыларды табу үшін құқық қорғау органдарына жүгінді.
«Қамшы» сілтейді