Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Патриоттық форум – 2025: “Мәншүк маршы”

Патриоттық форум – 2025: “Мәншүк маршы”

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Жастық жалынымыз – сүйікті Отанымызға!» тақырыбындағы жастардың патриоттық форумы дәстүрлі түрде 2017 жылдан бері табысты өткізіліп келеді. Бұл игі бастама жас ұрпақты Отанын сүюге, елінің тарихы мен батырларын құрметтеуге баулу мақсатында қолға алынған.

Студент жастардың жүрегінде туған жерге деген мақтаныш сезімін ұялату, аға буынның жанқиярлық еңбегіне тағзым етуге тәрбиелеу, аймағымызда табысты жүзеге асып жатқан құндылықтарға негізделген «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» кеңінен насихаттау мақсатында дәстүрлі форум биылғы жылы колледж ауласында өткен “Мәншүк маршынан” басталды. Оған 500-ден аса студент қыздар қатысып, батыр қыздың рухына тағзым етіп, ерлік пен жігердің символына айналды.

Биылғы форум Жеңістің 80 жылдығы аясында ерекше маңызға ие болды. 73 жыл бойы колледждің мақтанышы болып келе жатқан Мәншүк Мәметованың батырлық бейнесі мен өнегелі ғұмыры студенттерге ерлік пен отансүйгіштіктің үлгісі және ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі.

©️Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
Фото: Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

28 сәуір 2025 ж. 157 0