Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда облысында 1 күнде 12 ауылдың әкімі сайланады

Қызылорда облысында 1 күнде 12 ауылдың әкімі сайланады

Қызылорда өңірінде өкілеттілік мерзімі аяқталған және мерзімінен бұрын өкілеттілігі тоқтаған ауылдық округ әкімдерінің сайлауы кезең-кезеңімен өткізілуде.

ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес 1 маусымда 12 ауылдық округте әкімдер сайлауы өткізіледі.

Атап айтқанда:
Арал ауданындағы Мергенсай, Беларан, Қарақұм ауылдық округтері;
Қармақшы ауданындағы Ақай ауылдық округі;
Жалағаш ауданындағы Аламесек ауылдық округі;
Сырдария ауданындағы Іңкәрдария, Қалжан ахун;
Шиелі ауданындағы Ортақшыл, Жаңатұрмыс ауылдық округтері;
Жаңақорған ауданындағы Манап, Қожамберді, Көктөбе ауылдық округтері сайланады.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, кандидаттардан ұсыну құжаттары қабылданады. Ал, кандидаттарды тіркеу 2025 жылғы 11 мамырда, сағат 18.00-де аяқталады.

Саяси науқанда 10 744 сайлаушы дауыс беруге құқылы. 16 учаскелік комиссия жұмыс жасайды. Мұнда 88 комиссия мүшесі қызмет атқаратын болады.

Айта кетейік, әкімдер 4 жыл мерзімге сайланады.


Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы
Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

27 сәуір 2025 ж. 383 0