Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 2025 жылы Қызылорда өңірінде 47 әкім жаңадан сайланады

2025 жылы Қызылорда өңірінде 47 әкім жаңадан сайланады

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау тетігі енгізілген уақыттан бері Қызылорда облысындағы 146 әкімнің 90 пайызы жаңадан сайланды, деп хабарлайды Кyzylorda-news.kz.

ҚР Жергілікті өзін өзі басқару туралы заңға сәйкес әкімдер 4 жыл мерзімге сайланады.

2025 жылы өкілеттілік мерзімі аяқталатын және мерзімінен бұрын тоқтатылған ауыл әкімдерінің сайлауы ұйымдастырылады. Мәселен, Қызылорда қаласында 2 ауылдық округ, Арал ауданында  10 округ, Қазалы ауданында 2 округ, Қармақшы ауданында 4 округ, Жалағаш ауданында 5 округ, Сырдария ауданында 6 округ, Шиелі ауданында 3 округ және Жаңақорған ауданында 15 ауылдық округ әкімі сайланады.

Айта кетейік, өткен 2024 жылы 33 ауыл әкімі сайланды. Оның 2-і кент, 31-ы ауылдық округ әкімі.

Ауыл әкімі сайлауының өткізу кезеңдері туралы ақпарат білгіңіз келсе, постердегі QR кодты сканерлеңіз.

ce23ae21-1269-4cfe-92e3-dd808020c6a6.jpg
05 қаңтар 2025 ж. 160 0