Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ешбір болжауға келмейтін дәрігердің бір күні қалай өрбиді?

Ешбір болжауға келмейтін дәрігердің бір күні қалай өрбиді?

Кез келген ауылда қауырт тіршіліктің ауанымен жергілікті халық дамыл көрмесі анық. Республикада үздік ауыл санатына кіретін Нағи Ілиясов ауылында ақ халатты абзал жан Айнұр Рамазанова тұрады. Қашанда ауыл тұрғындарымен байланысын үзбейтін дәрігердің бір күні қалай өтетінін білесіз бе? Әрине, көбіміз біле бермейміз. Нағи Ілиясов дәрігерлік амбулаториясының дәрігері тынымсыз еңбек етіп, ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді.

Мәселен, таңертең келген бойда аудан орталығымен байланыс орнатып, бас дәрігердің қатысуымен жиналысқа қатысады. Тиісті тапсырмасының бөлінісіне сай елді мекендегі үйлерді аралайды. Ең алдымен, ауылдағы қарт кісілердің жағдайын бақылап кеңес береді. Сонымен қатар жүкті келіншіктің үйіне барып, денсакулығына қатысты пікірлеседі. Бұдан кейін кішкентай сәбиді тексеріп, ем-шара тағайындайды. Бұның барлығы – ауылдағы дәрігердің тікелей міндеті.

Біздің Айнұр отбасында биязы қалпынан таймайды. Өз кезегінде арқасүйер ер азаматы Данияр Исин зайыбына қолдау көрсетіп отырады. Ерлі-зайыпты 3 ұлды тәрбиелеп отыр. Ер мен баланың бабын тауып, бар қызметке үлгеретін Айнұр көпшілікпен тіл табыса білген. Расында, медицина саласы күрделі мамандық санатына кіреді. Сондықтан Айнұр үнемі ізденіс үстінде жүреді. Сан түрлі диагноз бойынша шақыртуға баратын дәрігер – өз ісінің білгірі.

Бір күні қызыққа, қиындыққа толы болатын дәрігердің жұмысына сәттілік тілейміз!

17 сәуір 2025 ж. 147 0