Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықсыз қоғамды бірге қалыптастырамыз!

Жемқорлықсыз қоғамды бірге қалыптастырамыз!

Қазіргі таңда қоғам алдындағы өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.

Жемқорлықтың белең алуы қазіргі таңдағы басты мәселеге айналды. Міне, осыдан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамды қалай қалыптастырамыз?» деген сан алуан сұрақтар туындайды. Қазақстанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы бар. Егер Қазақстан азаматы немесе азаматшасы пара беру барысында ұсталса, жоғарыда аталған заң бойынша ауыр жазаға тартылады. Алайда, бұған қарамастан қаншама адамдар жемқорлықтың өсуіне өз үлестерін қосуда. Әсіресе, мемлекеттік қызметкерлер, жоғары лауазымды адамдар. Қаншама қарапайым халық сыбайлас жемқорлыққа қатысты жанайқайларын баспасөздерде жеткізген болатын. Бірақ өте өкініштісі сол адамдарға ақшаны өздері ұсынатындығында... Себебі, қазіргі таңда адамдардың түп санасында бұл заманды ақша билейді деген қағида қалыптасып кеткен. Бұл түсінікті алдын алу үшін ең алдымен әр жеке тұлға санасын, бұл мәселеге деген көзқарасын өзгертуі қажет. Біріншіден, адам саналы түрде пара сұрауды тоқтатуы қажет, тіпті ұсынған жағдайда қажетті органдарға дереу ескертуі тиіс. Осылайша, сол адамдар өз жазасын алады. Егер осылай жасасақ пара ұсынушы және оны қабыл алған адамдардың бойына қорқыныш ұялайды, әрі пара беремін деген ой екінші рет туындамайды. Ең бастысы, олар бұл жағдайдан сабақ алары сөзсіз. Екіншіден, тәрбие мен мәдениеттілікке тікелей қатысы бар. Жастарды қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек. Бұлай ерекшелеп айтылуының өзі еліміздің болашағы жастардың қолында екенін, олардың еліне адал болуы, түзу жолды таңдауы, сыбайлас жемқорлықтың орын алуын болдырмауы еліміздің өркендеуіне біршама үлес қосатынын көрсетеді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев әр Жолдауында адал еңбек пен маңдай термен тапқан әр тиын – нағыз ардың ісі екенін, өскелең жастарға да бұл қасиетті бойларына сіңіріп, тәрбие беру керек екенін жеткізеді. Осы бастан өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік қасиетін, сыбайлас жемқорлық біздің қоғамда өмір сүріп жатқан дерт екенін түсіндіру керек. Әр адам өз-өзімен жұмыс жасау керек, тек бас пайданың қамын емес, елдің келешегін ойлау қажет. Саналы ұрпақты тәрбиелеп, олардың бойына адал қызмет ету, заңсыз жолмен келген ақшамен шалқып өмір сүру бақыт емес, керісінше, болашағы жарқын елде өмір сүру үлкен бір бақыт екенін түсіндіруі қажет. Әрине, үкімет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар үнемі жағдайды қатаң түрде бақылауда ұстаулары маңызды. Еліміздің амандығы мен дамығанын, бәсекеге қабілетті мықты елдер қатарында болғанын қаласақ, сыбайлас жемқорлықты жеңуге бірге атсалысуымыз қажет. Бірлікте болсақ, заңға сүйеніп әрекет етсек, алынбайтын қамал жоқ. Сананың өзгеруі адамның ішкі жан дүниесін, пейілін өзгерткенде, өзін саналы тұрғыдан өзгерткісі келсе, бәрі дұрысталары анық.


Ж.Каусов,
Сырдария аудандық
балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі
даярлығы клубының директоры
Фото: Н.Нұржаубай
29 наурыз 2025 ж. 26 0