Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлік нысандардың сырт келбеті бойынша түсіндірме жұмысы жасалды

Кәсіпкерлік нысандардың сырт келбеті бойынша түсіндірме жұмысы жасалды

Аудан орталығында сәулеттік келбетті сақтау мақсатында кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбетіне қойылатын талаптар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сырдария аудан әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топ құрамы Тереңөзек кентінде орналасқан бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралады.

Аталған шара аясында жауапты мамандар кәсіпкерлермен кездесіп, нысандардың сыртқы келбетін заман талабына сай ретке келтіру, жарнама тақтайшаларын стандартқа сәйкестендіру және эстетикалық талаптарды сақтау шараларын зерделеді.

Кәсіп иелеріне ескертулер мен ұсыныстар беріліп, нысан аумағының тазалығын сақтауды, санитарлық жағдайы мен сырт келбетін ретке келтіру қажеттігі айтылды.
Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
06 сәуір 2025 ж. 51 0