Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » «Наурыз мейірімі» қайырымдылық акциясы өтті

«Наурыз мейірімі» қайырымдылық акциясы өтті

Аудан орталығында Наурызнама онкүндігінің «Қайырымдылық күніне» орай «Наурыз мейірімі» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Бұл игі шара аясында әлеуметтік жағынан осал топтарға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіліп, үйлеріне жеткізіліп берілді.

Шараға жергілікті кәсіпкерлер, барлық мекеме қызметкерлері, белсенді азаматтар мен аудан жастары атсалысты. Олар қайырымдылық көмек ұйымдастырып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетті.

Акция барысында арнайы азық-түлік қоржындары дайындалып таратылды. Сонымен қатар, еріктілер мұқтаж жандардың үйлеріне барып, көмек қолын созды. Бұл шара Наурыз мейрамының басты құндылықтарын – мейірімділік пен ынтымақты насихаттауға бағытталды.

«Наурыз мейірімі» қайырымдылық акциясы – ортақ жауапкершілікті арттырып, қоғамдағы жанашырлық пен өзара көмек көрсету мәдениетін қалыптастыруға бағытталған игі қадам.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

16 наурыз 2025 ж. 241 0