Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАРИХЫ ТЕРЕҢ, ҚАЗЫНАЛЫ ӨЛКЕМ

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ, ҚАЗЫНАЛЫ ӨЛКЕМ


Дүбірлі дүл–дүлдердің ізі қалған,
Жүлделі жүйріктердің жүзі жанған.
Ежелгі Сырдың елі, жырдың елі,
Киелі, қасиетті Қызылордам
деп, – ақын  Мақмұтбай Әміреұлы жырлағандай
алты алашқа ана болған – Сыр елінің орталығы Қызылорда қаласының 200 жылдығы мен ауданның 90 жылдық мерейтойына орай жақында ауыл мекемелері қызметкерлері арасында Н.Ілиясов ауылдық әкімдігінің қолдауымен ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен «Тарихы терең, қазыналы өлкем» атты интеллектуалды ойын түрінде шара өтті. «Тарихи таным», «Сыр елі – өнер кеніші», жасырылған суреттер деп аталатын үш бөлімнен тұрған шараға ауыл әкімшілігі мен спорт кешені және «Балдырған» балабақшасы командалары ұжымдары қатысты. Сыр елінен шыққан тарихи тұлғалар мен өнер, мәдениет және әдебиет алыптарын, қоғам қайраткерлері мен еңбек ерлерін, елге елеулі есімдердінасихаттау мақсатында өткен шарада ауыл ардагерлері кеңесінің төрағасы Т.Жұмабекұлы мен №132 Т.Айтбаев атындағы қазақ орта мектебінің ұйымдастырушы педагогы Қ.Бисенбаев қазылық етті. Тартысты өткен шарада өздерінің білімділігі мен алғырлығын көрсете білген мекемелер арасынан жүлделі бірінші орынды 338 ұпаймен спорт кешені командасы иеленсе, екінші орынды 330 ұпай «Балдырған» балабақшасы қанжығасына байлады, ал үшінші орын 218 ұпай жинаған ауыл әкімшілігі қызметкерлеріне бұйырды. Шара қорытындысында жүлделі орын алған мекемелерге арнайы «Диплом» мен сыйлық тапсырылды.
Айдана МАРАТҚЫЗЫ
13 маусым 2018 ж. 1 152 0