Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

№ 63 газет

23 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «Шапағат» медалі — сыр елінде

«Шапағат» медалі — сыр елінде

8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесі күні қарсаңында Ақорда төрінен сүйінші хабар жетті.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 3 наурыздағы Жарлығымен Қызылорда облысының Қоғамдық Даму Басқармасына қарасты Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы ғылыми-әдістемелік бөлімінің басшысы Орынбаева Алтынай Романқызы мемлекеттік «Шапағат» медалімен марапатталды.

Алтынай Романқызының бұл марапатқа ие болуы – оның қоғам алдындағы адал қызметі мен тілдерді оқыту саласындағы қажырлы еңбегінің жоғары бағалануы. Ол білім беру мен мемлекеттік тілді дамыту ісіне үлкен үлес қосып келеді.

Орынбаева Алтынай Романқызын марапатымен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, еңбегіне жеміс тілейміз.

09 наурыз 2025 ж. 194 0