Ақжолтай жаңалық
Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының жанынан құрылған ғылыми кеңес мүшелерінің ілкімді ізденісінің нәтижесі көпшілікке ұсынылды.
Толығырақ айтар болсақ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Кеңес төрағасы Алдажар Әбдірасуллеұлының бастамасымен, филология ғылымдарының кандидаты Абасилов Аман Мәделханұлының жетекшілігімен, Орталық директоры Дәулетбаева Мартана Қонысбекқызының редакциялық басқаруымен «Қазақ тілін меңгертуге арналған мәтіндер жинағы» жарық көрді.
Оқытушылардың бірлескен әдістемелік жинағы тіл үйренушілердің оқу сауаттылығы мен тілдік дағдыларын дамытуға, анықтау мен бақылауға бағытталған. Сондай-ақ, Қызылорда облысының аумағындағы жер-су атаулары арқылы мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту — жинақ авторларының түпкі мақсаты.
Бүгін аталмыш әдістемелік жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті. Рәсімді Кеңес төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты Әбілов Алдажар Әбдірасуллеұлы Орталық жанындағы ғылыми кеңес мүшелерінің еңбегін, Орталықтың тіл саясатын жүргізу бағытындағы жұмыстарына тоқталып, жинақтың лентасын қиды.