Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды көктемнің алғашқы күнімен келген Алғыс айту мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Алғыс айту күні – Қазақстан халқының бір-біріне деген құрметі мен ризашылығын білдіретін, ортақ тарихымызға тағзым ететін ерекше мейрам. Бұл күн бізді бірлікке, достыққа, өзара құрметке шақырады.

Алғыс айту қазақ халқының кеңпейіл, жомарт, қонақжай, мейірімді және ынтымақшыл әдет-ғұрпынан бастау алатын тарихи дәстүрлеріне негізделген. Бұл күн Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келеді. Биыл Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр.

Дана халқымыз «Бірлігі жарасқан ел ғана көш бастайды». Сондықтан татулығымызды сақтап, бір-бірімізге алғыс айтудан шаршамайық!
Жарқын мереке сіздерге қуаныш пен жақсылық әкелсін.


Еліміз аман, бірлігіміз бекем болсын!

01 наурыз 2025 ж. 291 0