Аудан әкімінің алғыс айту күнімен құттықтауы
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды көктемнің ең алғашқы шуақты мерекесі – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Баршаңызды көктемнің ең алғашқы шуақты мерекесі – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Алғыс айту – табиғаттың ояну уақытымен, жаңа үміттермен сәйкес келетін, ұлттық ынтымақтастық пен жерлестердің бір-біріне деген мейірімділігін, достығы мен сүйіспеншілігін көрсететін күн.
Мемлекет басшысы егемендік жылдарындағы табыстарға береке-бірліктің арқасында қол жеткізгендігімізді атап, бұл күнді өзара құрмет пен сенімнің, мейірім мен ізгіліктің мерекесі деді. Қазақстан Президенті елдегі тұрақтылықты, ұлттар мен этностар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға бағытталған жұмыстарды үнемі назардан тыс қалдырған емес. Сондықтан этнос өкілдерінің отандастарымызға және туған өлкеге деген кіршіксіз алғыс сезімі бұл мерекеге ерекше терең мағына береді.
Қадірлі ағайын!
Бүгінде алыптарға алтын бесік болған Сырдария ауданы халқының бірлігі бекем. Барлық істе жерлестеріміз ауызбіршілік танытып келеді. Халқымыздың «Ауызбіршілігі мықты ел озады» деген даналығы маңызын жойған емес. Бірлігі жарасқан ел ғана көш бастайды. Сондықтан татулығымызды сақтап, бір-бірімізге алғыс айтудан шаршамайық!
Сіздерді көктемнің алғашқы күнімен келген ерекше мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін!
Әр отбасыға бақ-береке, елімізге татулық пен тыныштық тілеймін!
Мереке құтты болсын!