Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын!

Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестіктің, өзара сенім мен құрметтің орнығуына негіз болатын мереке.
Ырысты ынтымақ пен берекелі тіршілік салтанат құрған Сыр елінде осы күні жұртшылықтың бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп, ризашылық білдіруі дәстүрге айналды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтарды дәріптеу береке-бірлігімізді бекемдей түсетінін, мұның бәрі ұлтты ұйыстырудың ұтымды жолы екенін атап өтті.

Елдік мүддені бәрінен биік қойып, жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттерді сақтауға, өскелең ұрпақ бойына сіңіруге бағытталған елеулі еңбектеріңіз үшін барша сырбойылықтарға алғыс айтамын.

Әр отбасына бақ-береке, игілік тілеймін! Еліміз аман, ырыс-несібелеріңіз мол болсын!

01 наурыз 2025 ж. 262 0