Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ҰБТ сұрақтарын әзірлеуге ЖИ қолданылады

ҰБТ сұрақтарын әзірлеуге ЖИ қолданылады

Елімізде Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ) сұрақтарын жасанды интеллект арқылы әзірлеу жоспарланған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрсұлтан Махатов ұлттық жасанды интеллект платформасында бес жобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Жасанды интеллект саласындағы жобаларға келетін болсақ, Ғылым және жоғары білім министрлігі Цифрландыру министрлігімен бірге ұлттық ЖИ платформасында бес жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Олардың ішінде 2025 жылы ҰБТ өткізуге байланысты нормативтік ережелер, статистикалық ақпараттар және гранттарға түсу бойынша консультациялар беретін AI Talapker чат-боты бар. Сондай-ақ, ҰБТ тапсыру кезінде академиялық адалдықты арттыру үшін және тест тапсырмаларын әзірлеу үшін ЖИ енгізу жоспарланған», деді Н.Махатов.
24 ақпан 2025 ж. 275 0