Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» синоптиктері 13, 14 және 15 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz

Солтүстік аймақтар солтүстік циклонның ықпалында қалса, оңтүстік өңірлерге оңтүстік циклоны әсер етеді. Осыған байланысты қар жауып, боран соғуы мүмкін. 14 ақпан Қызылорда облысында, 14-15 ақпан Түркістан облысында, 15 ақпан Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында қалың қар жауады деп күтіледі.

Күндіз еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр аралас қар жаууы ықтимал, бұл көктайғаққа әкеледі деп болжанған.

Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейіп, тұман түсуі болжанып отыр. Температуралық фон тұрақты болып қалады, күрт өзгерістер күтілмейді.

Фото: Нұрболат НҰРЖУБАЙ
12 ақпан 2025 ж. 252 0