Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері ауа райы 20 градусқа дейін суытады

Алдағы күндері ауа райы 20 градусқа дейін суытады

«Қазгидромет» синоптиктері 12-14 наурызға арналған ауа райы болжамын мәлім етті, деп хабарлайды Кaz.inform.kz.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағында атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты таяудағы екі тәулікте тұрақсыз ауа райы сақталады. 12 наурыз күні Павлодар және Қарағанды облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. 12-13 наурыз күндері Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл сондай-ақ Алматы облыстарында да қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман шөгеді, көктайғақ болады деген болжам бар.

Еліміздің кейбір өңірлерінде түнде ауа температурасы -10-20 градус аяз көрсетсе, күндіз -2-10 аяз болуы мүмкін. Қазақстанның оңтүстік аймағында түнде термометр бағаны -2-12 градусқа төмендесе, күндіз 6 градус аяз болады деп болжанған.

Фото: Н.Нұржаубай
11 наурыз 2024 ж. 231 0