Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Н.Ілиясов ауылындағы №132 орта мектебі күрделі жөндеуден өтті

Н.Ілиясов ауылындағы №132 орта мектебі күрделі жөндеуден өтті

Өткен жылы Н.Ілиясов ауылындағы №132 орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бұл туралы аудан әкімі Берік Сәрменбаев Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

- Аудан бойынша 54 білім беру ұйымы жұмыс жасаса, онда барлығы 8226 оқушы білім алуда. Жаратылыстану және математикалық бағытта 5 инновациялық мектеп-лицей бар.

Ауданда апатты жағдайда және 3 ауысымда жұмыс істейтін мектеп жоқ.

2023-2024 оқу жылын 442 түлек мектеп бітіріп, олардың 365-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Мектеп бітірген түлектің барлығы жоғары оқу орынына оқуға түсті.

Білім мекемелерінде аз қамтылған отбасы мен 1-4 сынып оқушылары 100 пайыз бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуда.

Ауданда 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер балабақшамен 100 пайыз қамтылған.
31 қаңтар 2025 ж. 240 0