Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет - Президент

Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет - Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында өте өзекті мәселелер тақыланады. Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаһандық өзгерістердің елімізге әсерін атап өтті.

«Жаппай цифрландыру дәуірі, яғни жаңа технологиялық кезең басталды. Күллі әлем мүлдем басқа жағдайда өмір сүреді. Біз соған міндетті түрде дайын болуымыз керек. Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет. Бұл – еліміздің бәсекеге қабілетін арттырып, тұрақты дамуына жол ашатын аса маңызды фактор», деді Мемлекет басшысы.

Президент Үкімет пен әкімдердің жұмысы қаншалықты тиімді екенін алдымен экономиканың даму көрсеткіштері мен азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағалайтынын тілге тиек етті. Осы жұмыстың нәтижесі былтыр қандай болды? Негізгі міндеттер орындалды ма? Бүгін осы сұрақтарға тоқталып және жақын арада шешімін табуға тиіс өзекті мәселелер талқыланады.

Фото: Ақорда
 
28 қаңтар 2025 ж. 97 0