Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№3 газет

14 қаңтар 2025 ж.

№ 2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

№1 газет

07 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Мобильді аударымдар қалай тексеріледі?

Мобильді аударымдар қалай тексеріледі?

Кәсіпкерлер де, халық та мобильді аударымдар мәселесін түсіне алмай, сұрақтар туындауда. Кәсіпкерлік орталықтар аудару арқылы төлем қабылдаудан бас тартса, қолма-қол ақшаны қолданыстан біраз шеттеткен тұрғындар үшін бұл ыңғайсыздық туындатуда.

Мобильді аударымдарды бақы­лау заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлең­кеден шығаруға бағытталғанын айтып өту орынды.

«Аталған шара жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анық­тауға бағытталған. Өйткені көптеген кәсіпкерлер тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемді кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке шоттарға мобильді аударымдар арқылы қабыл­дайды. Өлшемшарты бір жеке тұл­ғаның қатарынан күнтіз­белік үш айдың әрқайсысының ішін­де жүз және одан да көп әртүрлі тұлға­лардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша қаражатын алуы болып табылады. Бұдан басқа, қолданыстағы өлшем­­шарттан жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар тұлғаларды алып тастау бойынша өзгерістер енгізіліп жатыр. Яғни, бір жеке тұл­ғаның банк шотына қатарынан күн­тізбелік үш айдың әрқайсысының ішін­де жүз және одан да көп әртүрлі тұл­ғалардан жалпы сомасы 3 ең төменгі жалақыдан асатын ақша түссе, жағдай бақылауға алынатын болады. Бұл қазіргі көрсеткіш бойын­ша 255 мың теңгені құрайды» деп жазады комитет өз хабарламасында.

Жаңа ережеге сәйкес екін­ші дең­гейлі банктер кірістер органдарына мобильді аударымдар туралы ақпа­ратты кезең-кезеңімен ұсынып отыруға тиіс. 2025 жылы жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар мен олардың жұбайлары бақылауға алынады. 2026 жылы басқа азаматтар да тексеріле бастайды.

Айта кету керек, заңсыз кәсіппен айна­лысушылар үшін елімізде 15 ай­лық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу қарастырылған. Тәр­тіп­ке бағынбағандар үшін айыппұл көлемі 30 АЕК-ке дейін ұлғаяды. Салық төлеуден бас тартып, салық салу объектілерін жасырып қалу төленбеген салықтың 200 пайыз мөл­шерінде айыппұл салуға апарады. Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің айтуынша, бұл салық төлеуден жалтару әрекеттерін азайтып, адал кәсіппен айналысушыларды қолдауды мақсат етеді.

Кей кәсіпкерлік орталықтары тө­лем­ақы­ны жеке шотқа аудартып жатады. Белгілі жағдайларды есепке алма­ғанда, бұл көлеңкелі кәсіп болуы әбден мүмкін. Жеке шот­қа аударылған төлем үшін салық ұсталмайды, есесіне қазынаға түсуі тиіс қаражат қысқарады. Сондықтан елде тауарлар мен қызметтер ақысын арнайы кассалық аппарат, QR-код немесе POS-терминал арқылы төлеу міндеттеліп отыр. Бұл тәртіпке қазіргі таңда кәсіпкерлер де, тұтынушылар да үйреніп, жағ­дай бір жолға түсіп келеді. Тұтынушы ақыны қолма-қол негізде төлеген жағдайда, чек талап етуі қажет.

Айта кетейік, Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер бас­қар­масының қызметкерлері ауданға қарасты кәсіпкерлік орталықтарын­да мобильді аударымдар бойынша түсін­дірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
Фото: ашық дереккөзден
14 қаңтар 2025 ж. 80 0