Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

№1 газет

07 қаңтар 2025 ж.

№103 газет

31 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Аудан дамуына оң бағасын берді

Аудан дамуына оң бағасын берді

Кеше ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев ауданға іс-сапармен келіп, еңбек ардагерлерімен, жастармен және үкіметтік емес ұйым жетекшілерімен кездесті.

Кездесуде аудан әкімі Берік Сәрменбаев өткен жыл Сыр өңірі, оның ішінде Сырдария ауданы үшін табысты болғанын атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың және аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен облыс­та ауқымды жұмыстар жүзеге асты. Барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша аймағымыз рес­пуб­ликада алдыңғы қатарда. Облыс бюд­же­ті 750 млрд теңгеден асты. Бұл қаражат өңірдегі маңызды мәселелерді шешуге жұмсалуда. Мұндай нәтижелі жұмыстар ауданда да жүзеге асырылуда, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Кездесуде халық қалаулысы Мұрат Ергешбаев өткен жылы Парламент Мәжілісінде 100-ден аса Заң қабыл­данғанын атап өтті. Мемлекет басшы­сының тапсырмасымен еліміздің эконо­ми­касын дамытуға қатысты өзекті мәселелер шешімін тауып жатқанын жеткізді. Жыл басынан аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлымен бір­ге бір­қатар ауданда әлеуметтік нысан­дардың ашылуына қатысып, Сыр өңірін­­дегі жарқын жұмыстардың іске асып жатқанын тілге тиек етті.

Мәжіліс депутаты өз сөзінде қазір­гі уақытта цифрландыруға, таза­­лық мәдениетіне, сапалы білім алу мәселелеріне тоқталып, елді дамы­ту­­ға бірлесе күш салуды айтты. Мұрат Нәлхожаұлы ауданның дамуы қарқынды екенін атап, кездесуге қа­ты­су­шы­лардың ұсыныс-пікірлерін тың­­­да­­ды. Сөз кезегінде аудандық арда­герлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Ұлмекен Жанәлиева және кездесуге қатысушылар өздерінің ұсы­ныс-пікірлерін білдірді.

Сырдария ауданына сапары барысында Мәжіліс депутаты «Еңбек мо­биль­ділігі орталығы» Сырдария аудандық филиалы «Мансап» орта­лы­ғының жұ­мы­сымен танысты. Қызылор­да об­лы­­­сының жұ­­мыс­пен қамтуды үйлес­тіру және әлеу­меттік бағ­дарла­ма­лар басқар­масына қарасты «Мансап» орталығында бүгінде 12 маман жұмыс істейді. 2023 жылдың 1 шілде­сінде жұмысын бастаған мекеме аудан халқын жұмыспен қамту, жұмыс­сыздықты азайту бағытында жұмыс жасауда. Мекеме­мен танысу барысында Мәжіліс депутаты қызметкерлермен пікірлесіп, ұсыныс-пікірін тыңдады.

Одан кейін Мұрат Нәлхожаұлы аудандағы «Руханият» орталығының құ­рылысымен танысты. Нысан құрылысын аудан әкімі Берік Сәрменбаев пен аудандық мәслихат төра­­ғасы Ержан Әжікенов таныс­тырып, атқарылған жұмыстар мен алда­ғы жоспарлар туралы ақпарат берді.

– Экономикалық серпілістің артын­да рухани-мәдени игіліктер тұратынын жақсы білеміз. Мәде­ниетті, білімді, бәсекеге қабілетті адамдар ғана келешек тудырған міндеттерді танып, біліп, сезіп, соған сай еңбек етеді. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың Сыр өңірін­де арнайы «Руханият жылын» жария­лауы­нан рухани-мәдени салаға ай­мақ­та айрықша қолдау жасалып жатқанын түсінуге болады, – деген Мұрат Ергешбаев жаңа ғимараттың ел игілігі жолында жұмыс істейтініне сенетінін айтып, тілеулестігін білдірді. Қос қабатты ерекше дизайндағы ғи­ма­ратта мұрағат бөлмелері, мұра­жай, қоғамдық ұйымдар кабинеттері, АХАЖ және кітапхана орналасады деп жоспарлануда. «Руханият» орталы­ғының құры­лысын «Техос­настка-Рем­сер­вис» ЖШС ат­қа­ру­да. Мұнда екі ауысыммен 50-ден астам адам, 10-ға жуық техника жұмылдырылған. Қазіргі таңда ішкі құры­лыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мәжіліс депутатының сапары тұр­­мыс­тық қатты қалдықтарға ар­нал­­ған полигонда жалғасты. Мұнда мәжілісмен «Қызылорда-Жалағаш» ав­то­­­­­жолының бойынан көлемі 4 гектар жерге салынған полигон құрылысымен танысты.

– Бұл полигонның аудан тұр­ғындары үшін маңызы зор. Полигон құрылысына облыстық бюджеттен 475,5 млн теңге бөлінген. Полигонда тұрмыстық қалдықтар сұрыпталады. Құрылыс жұмыстарын «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС ат­­­қар­ған. Айта кету керек, полигон шаруашылық және өндірістік аймақтардан тұрады. Өндірістік аймақта тұрмыстық қатты қалдық­тарды сұрыптап жинайтын арнайы алаң, сүзгіш құдығы орналасқан. Мұнда жылына 3500 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар сұрыпталмақ, – деп ақпарат берді аудан әкімі.

Осылайша Мәжілістегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев Сырдария ауданына жасаған жұмыс сапары барысында бірқатар нысанды аралап, бірнеше кездесу өткізді. Мәжіліс депутаты аудан дамуына оң бағасын беріп, жоспарлы жұмыстардың нәти­­желі болуына тілектес екен­дігін айтты.

«Тт» ақпарат
11 қаңтар 2025 ж. 50 0