Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№4 газет

18 қаңтар 2025 ж.

№3 газет

14 қаңтар 2025 ж.

№ 2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Декреттегі ана табыс тапса, жәрдемақы неге тоқтап қалады – Тамара Дүйсенова

Декреттегі ана табыс тапса, жәрдемақы неге тоқтап қалады – Тамара Дүйсенова

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова декреттегі аналар табыс тапса, баланың 1,5 жасына дейін берілетін төлем неге тоқтатылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Кyzylorda-news.kz.

Оның айтуынша, Әлеуметтік кодекске сәйкес, сақтандыру жүйесі бала күтіміне байланысты ата-ананың жоғалған табысын өтейді.

 Заңда дәл осылай көрсетілген. Осыған байланысты, сәбидің анасы немесе әкесі баланы күту үшін үйде отырып, бұрынғы табысын алмаса, оған жалақысының 40%-ы көлемінде өтемақы төленеді. Егер ол жұмысқа шықса және жалақы алса, бұл жағдайда, заңға сәйкес, еңбекке қабілеттілікті жоғалтуға байланысты төлемдер тоқтатылады, - деді Т.Дүйсенова Үкімет үйіндегі брифингте.

Дегенмен, Т.Дүйсенова елімізде бала туғанда берілетін, күтімі үшін берілетін түрлі жәрдемақы бар екенін атап өтті.

– Көпбалалы отбасы болса, бұл төлемдер тоқтатылмайды және әрі қарай төленеді. Біз ата-аналарды қолдау ретінде, егер олар жұмыс істеп, табысын сақтап қалса, оларды басқа көздерден – республикалық және жергілікті бюджеттен төленетін басқа жәрдемақылар арқылы ынталандырамыз, - деді Т.Дүйсенова.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
09 қаңтар 2025 ж. 90 0