Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№102 газет

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 газет

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа жылдан кейін бала туған аналарға қанша теңгеден төленеді?

Жаңа жылдан кейін бала туған аналарға қанша теңгеден төленеді?

2025 жылдан бастап елімізде жәрдемақылар қанша теңгеге өсетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 932 теңге болады. Сәйкесінше, әлеуметтік төлемдер көлемі де артады.

Босанғаннан кейін қандай жәрдемақы төленеді?

Бүгінгі таңда бала туып, бала бағып отырған аналарға отбасының табысына қарамастан 5 түрлі жәрдемақы беріреді.

Жұмыс істейтін аналарға, егер олар Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының қатысушысы болса, жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлем төленеді.

Бала туған аналарға бір реттік мемлекеттік жәрдемақы беріледі:

- 1-3 баланың тууына бір реттік төлем 38 АЕК – 149 416 теңге;

- 4 және одан да көп балаға 63 АЕК – 247 716 теңге.

Бала 1,5 жасқа толғанша қандай жәрдемақы беріледі?

Ал бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне ай сайын жәрдемақы беріледі.

Жұмыс істемейтін әйелдерге республикалық бюджеттен мынадай жәрдемақы беріледі:

- бірінші балаға – 5,76 АЕК, ол 22 648,32 теңге;
- екінші балаға – 6,81 АЕК, ол 26 776,92 теңге;
- үшінші балаға – 7,85 АЕК, яғни 30 866,2 теңге;
- 4 және одан да көп балаға – 8,90 АЕК, яғни 34 994,8 теңге.

Жұмыс істейтін әйелдерге, егер олар Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болса, онда мынадай жәрдемақы беріледі:

- бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем соңғы екі жылдағы орташа айлық табысының 40 пайызы көлемінде төленеді.

Сонымен қатар баласы бір жарым жасқа толғанға дейін анасы оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алушылардың пайдасына қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналары бюджет қаражаты есебінен субсидияланады.

Сондай-ақ 2025 жылы мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғаны үшін берілетін жәрдемақы көлемі де өседі.

Көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы қанша теңге болады?

Кәмелетке толмаған төрт және одан да көп баласы бар аналарға жәрдемақы бала санына сәйкес сараланып төленеді.

- 4 баласы бар отбасылар үшін жәрдемақы мөлшері 16,03 АЕК – 63 029,96 теңге;
- 5 баласы бар отбасылар үшін 20,04 АЕК – 78 797,28 теңге;
- 6 баласы бар отбасылар үшін 24,05 АЕК – 94 564,6 теңге;
- 7 баласы бар отбасылар үшін 28,06 АЕК – 110 331,92 теңге;
- 8 және одан да көп балалардан – әр балаға 4 АЕК.

Алты және одан да көп баланы дүниеге әкелген аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгісімен марапатталады. Оларға ай сайын сәйкесінше 7,4 АЕК, яғни 29 096,8 теңге және 6,4 АЕК, яғни 25 164,8 теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Фото: Архив
12 желтоқсан 2024 ж. 151 0