Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 газет

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Цифрлық әлем: Қазақстан – Орталық Азиядағы IT-шешімдерді экспорттау бойынша көш бастап тұр

Цифрлық әлем: Қазақстан – Орталық Азиядағы IT-шешімдерді экспорттау бойынша көш бастап тұр

Қазақстан IT-қызметтердің халықаралық нарығын сенімді түрде жаулауда. Отандық әзірлемелер қазірдің өзінде 86 шет мемлекетке экспортталады. Экспорттың негізгі бағыттары – Ресей, Ирландия, Мексика, АҚШ және Сингапур. 2024 жылы табыс $300 млн-нан асты. Сонымен қатар біздің еліміз венчурлық мәмілелердің көлемі бойынша көшбасшы саналады. Мысалы, өткен жылы олардың сомасы $80 млн-ды құрады. Маңызды инвестициялар CITIX, Hero's Journey, Higgsfield AI және басқа да компаниялардан тартылды. Бүгінгі таңда олардың кейбірінің құны $100 млн-ға жетті.

Қазақстанда ақпараттық технологияларды дамытуда IT-хаб маңызды рөл атқарады. Арнаулы алаңдарда түрлі акселерациялық бағдарламалар өткізіледі, жетекші сарапшылар мен инвесторлар тартылады. Осылайша, коммерциялық өнімдердің сыртқы нарықтарға шығуын жеңілдетеді.  
11 желтоқсан 2024 ж. 277 0