Жолдаудағы бірқатар маңызды мәселелер талқыланды
Отырысқа аудандық партия филиалының төрағасы Е.Әжікенов, комиссия мүшелері, депутаттық фракция мүшелері, сала басшылары қатысты. Фракция отырысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім,қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
Аудандық партия филиалының төрағасы Е.Әжікенов Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды міндеттерді атап өтті. Соның ішінде халықпен алдын ала талқылаудан өткен Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізу мәселесіне ерекше тоқталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет екендігін айшықтап атап өтті. Ел Президенті «Amanat» партиясы ұсынған «Қарызсыз қоғам» жобасын өз сөзінде ерекше атап өтті. Аталған жобаға былтыр 65 мың адам қатысты. Ал биыл одан да көп адам қатысады. Бұдан бөлек, Президент: «Құзырлы органдардың бәрі заңға бағынатын жұртқа зардабын тигізіп жатқан алаяқтыққа және сол сияқты басқа да заңсыз әрекеттерге қарсы батыл шаралар қабылдауға тиіс. Қазір «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр. Осы заңның талаптарын орындау үшін қоғам мен мемлекеттік аппарат күш жұмылдыруы керек. Сонда ғана жағдайды түзетіп, заң үстемдігін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз. Кез келген қоғамның, соның ішінде біздің қоғамның да басты ұғымдарға негізделген сұраныстары – әділдік және қауіпсіздік. Осы негізгі сұраныстардың толығымен өтелуі мемлекеттің тиімді жұмыс істейтінін айқын көрсетеді.» - деді. Жолдауда көрсетілген нақты шаралар Мемлекет басшысының айтқан Әділетті Қазақстан құруға бағытталған жұмыстар екенін көрсетеді,– деді Е.Әжікенов.
Отырыс барысында күн тәртібі бойынша депутаттық фракция мүшелері ұсыныс-пікірлерін айтып, талқыланды.