Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жолдауға шынайы қолдау керек

Жолдауға шынайы қолдау керек

Бүкіл әлем елімізді аграрлық ел ретінде таниды. Ұлттық экономиканың дамуы тікелей ауыл шаруашылығына байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында агроөнеркәсіп кешеніне қатысты бірнеше нақты ұсыныс айтылып, Үкіметке тапсырма берілді.

Біріншіден, бұл салаға инвестиция тарту. Бүгінде агро­өнеркәсіпке бөлінетін қара­жаттың 70%-ы – мемлекет тарапынан. Коммер­ция­лық банк­тер­дің үлесі өте төмен. Осы мәсе­лені шешу керек. Содан соң агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялау тәсі­лінен арзан несие беру тәсіліне біртіндеп көшу – аса маңызды міндет. Ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру да маңызды. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» жобасының аясында әр ауданда азаматтарға түр­лі ауыл шаруашылығы да­қыл­дарын өсіруді үйрететін орта­лық ашылған дұрыс болады. Осындай жоба «Amanat» пар­­тиясының бастамасымен Жамбыл облысы Меркі ауданында жүзеге асырылды. Бұл озық тә­жіри­бе республиканың басқа өңірлерінде енгізілмек.

Сонымен қатар Мемлекет басшы­сы­ның Жолдауында білім беру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Біріншіден, келешекте өндірістің қай салаларында кадрлар тапшылығы орын алады. Осы бағытта нақты жұмыстар жасау керек. Мемлекет қаржысын онды-солды тарата бермей, мамандар даярлауда мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру тетігін түбегейлі өзгерткен жөн. Біздің ойымызша, мемлекеттік тапсырысқа республикалық бюджетпен қа­тар, өңірлердің қажеттілігін еске­ріп жергілікті бюджеттен қара­жат бөлінген дұрыс. Сонда мамандарды мақсатты даярлауға мүмкіндік туады. Ол туралы көптен бері айтып келеміз.

Екіншіден, кейінгі жылдары техни­калық және кәсіптік бі­лім саласын­дағы реформалар өз нәтижесін берген жоқ. Сондықтан Мемлекет бас­шысы колледжде жақсы оқы­ған түлек­тер­ді мемлекеттік қыз­мет­ке қабылдау, 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялау, жұмысшы маман­дық­тарын дәріптеу арқылы қоғамда ең­бек­қор және нағыз маман болу идеясын насихаттауды ұсынды.

Үшіншіден, ата-аналар жеке­мен­шік мектептерге мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағ­дайлар мен көмекті біле бермейді. Сондықтан азаматтармен кері байланысты күшейту керек.

Әрине, халықтың арасында атом электр стансаның құрылысы да қызу талқы­ланып жатыр. Бұл мәсе­леге байланысты осы кезге дейін көптеген қоғамдық тал­қы­лау жиыны өтті. Енді 6 қазанда бола­тын жалпыұлттық референдум нәти­­жесімен халықтың пікірі арқылы бұл мә­се­­ленің ары қарай­ғы тағдыры шешіл­мек.

Ұлттық экономиканың дамуы энергиямен толық қамтамасыз етілуіне байланысты. Әрине, ха­лықты мазалайтын қауіпсіздік мәсе­лелерін бірінші кезекте жүйе­лі түрде шешу қажет.

Жалпы, Мемлекет басшысы Жол­дауында бүгінгі таңдағы күрделі мәсе­лелерді ашып көр­сетті. Барлығымыз жақсы өмір сүргенді қалаймыз. Олай болса, қолымыздан келгенше Прези­дентті қолдап, тапсырмаларын іске асыру қажет.


БИСЕНОВ Марат Алдабергенұлы
Сырдария аудандық мәслихатындағы
«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі,
аудандық мәслихаттың депутаты
08 қыркүйек 2024 ж. 8 0