Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жолдаудың мән-мазмұны – әр азаматқа теңдей мүмкіндік береді

Жолдаудың мән-мазмұны – әр азаматқа теңдей мүмкіндік береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын жариялады. Маңызды жиында Президент барша халық қалаулыларына елмен етене араласып, мұң-мұқтаждарымен танысып жүргені үшін ерекше ризалығын білдірді.

Жолдаудың мән-мазмұны – әр азаматқа теңдей мүмкіндік беретін өркениетті Әділетті Қазақстанды құру. Міне, бүгінде Президент бастамасымен бір­қатар жұмыс іске асырылды. Атап айтсақ, келешек ұрпақты тәрбиелейтін білікті ұстаздардың жалақысы 2000 жылдан бері екі есе өсті. Дәрігерлердің айлы­ғы да айтарлықтай көбейді. Отандастарымызға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді.

Жаңа жылдан бастап бала­лар­дың есепшотына қаражат түсе бастады. Сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты нақты іске асырылып, жүйелі жалғасып келеді.

Бұған қоса «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалады. Осылайша апатты жағдайдағы және үш ауысымен оқитын мектеп мәселесі толық шешіледі деп жоспарланып отыр. Қазір елімізде денсаулық сақтау нысандары салынып жатыр. Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып келеді.

Президент 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бергенін жеткізді. Бұған қоса сарбаздардың қа­уіп­сіздігін қамтамасыз ету және олардың өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасау әскер басшылығының жауап­кершілігінде екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштерде сарбаздар өз Отанына лайықты қызмет етуі үшін заң мен тәртіпті қатаң сақтау қажеттігіне назар салды.

«Жастар әскерге Отан алдын­дағы борышын өтеуге бара­ды. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы та­лапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кет­кен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жа­уапты», деп нақтылады Қ.Тоқаев.

Жалпы, мемлекет әскери қыз­мет­шілерге мейлінше қам­қорлық жасап келеді. Оларға ай сайынғы тұрғын үй төлемдері, баспананы жекешелендірудің орнына ақшалай өтемақы төлеу жалғасып жатыр. Әскери қыз­мет­шілерге тұрғын үй төлем­­дерін жүзеге асыру негізгі әлеуметтік қолдау болып есеп­те­лінеді.


БАКУОВ Марат Бакуұлы
Сырдария аудандық мәслихатындағы
«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі,
аудандық мәслихаттың депутаты


06 қыркүйек 2024 ж. 8 0