Жаңа заң талқыланды

Негізінен, семинар-кеңесте 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енетін «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңның мазмұны түсіндірілді. Мемлекеттік сатып алуда жүзеге асырылатын қағиданың бірнеше нормасы егжей-тегжей талқыланды. Тиісті сала өкілдері мемлекеттік сатып алуларға бақылау жүргізу жұмыстары бойынша ағымдағы жылдың 10 айында қалыптасқан заң бұзушылықтар туралы баяндама жасап, заңнаманың талаптарын қатаң сақтау керектігін жиналған көп шілікке ескертті.
– Бүгінде жаңа Заңның шеңберінде бір қатар өзгеріс орын алып отыр. Шын мәнінде, белгіленген нормаға сәйкес, жұмыс жасаған абзал. Талап барлығымызға ортақ. Семинарда мемлекеттік сатып алу барысында кездесетін факторларды талқылауға мүмкіндік туып тұр. Қашанда сапалы әрі ұтымды жұмыс жасай алған сәтте саланың қызметі оңтайланады. Мұндайда жауапкершілікпен қарау – басты орында, – деді Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы Сәдір Ержанұлы.
Іс-шара барысында қаты сушылардың жұмыс барысында кездесетін мәселелері мен ұсыныстары тыңдалды. Жаңа Заңға байланысты жиынға қатысушылар өзара пікір алмасты.
Б.ОРДАБЕКОВ