Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

17 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде күн райының өзгеруіне байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Атырау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының батысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге, күндіз күші 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.

Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Фото: Ашық дереккөзден

17 қараша 2024 ж. 231 0