Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дербес төлеушілер жеңілдік санатына кіре ала ма?

Дербес төлеушілер жеңілдік санатына кіре ала ма?

Мемлекет тарапынан жарна төленетін азаматтардың жеңілдікті санатында болу үшін, үміткердің деректері тиісті ақпараттық жүйелерге енгізілуі қажет.

Мысалы, «зейнетақы төлемдерін алушы» санатына ену үшін зейнеткер БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуы керек, содан кейін жүйе оны автоматты түрде жеңілдетілген санатқа жатқызады.

Егер жеңілдік санаты «Мүгедек» болса, мүгедектік бойынша жәрдемақы алуға өтініш берген кезде азаматтың деректері АЖ-ге енгізіледі, содан кейін «сақтандырылған» мәртебесі автоматты түрде тағайындалады.

Тағы бір мысал – «күндізгі бөлімдегі студенттер». Мұнда білім беру мекемесінің әкімшілігі «Ұлттық білім беру базасы» АЖ-ге студенттер туралы ақпаратты енгізуі қажет және сақтандыру мәртебесі автоматты түрде тағайындалады.
23 қазан 2024 ж. 53 0