Кәсіпкер ұғымына түсінік берсек...
Кәсіпкерлік – дара қызмет. Кез келген кәсіпкер тәуекелге бел буады. Ол өзінің экономикалық әрекеті арқылы тауар өндірумен, сатумен айналысып, жүйелі пайда алуға күш салады.
Негізінен бизнес бастаған адамды кәсіпкер дейді. Кәсіпкердің дамуға құлшынысы болғандықтан, бірқатар тәуекелге баруға дайын болады және басқару арқылы табыс табу үшін жұмыс жасайды. Кәсіпкерліктің анықтамасы туралы айтсақ, бизнесті ашу мен жүргізуге негізделгенімен, кейде жаңадан ашқан кәсіпкерлік қаржы жетіспеушілігінен, экономикалық дағдарыс кесірінен немесе нарықта сұраныстың болмауынан жабылып қалуы да мүмкін. Зерттеушілердің пайымынша, бұл сала әлі толыққанды даму үстінде. Кәсіпкерлікке қатысты таралған ұғымдарға зер салсақ, қызықты деректер олар жайлы түсінігімізді кеңейтері анық.
Ең алдымен кәсіпкер – ойдың адамы емес, істің адамы. Олар іс-әрекетке бейім келеді. Көп ойланатындықтан, әрбір қадамын аңдып басады. Өте тиянақты болатындықтан, барлығын жоспарлап алады. Ойға да, іске де қабілетті кәсіпкердің айқын және толық бизнес-жоспары болады.
Сонымен қатар кәсіпкердің батылдық, бастамашылдық, талап, тәуекелге баруға дайындық, аналитикалық қабілет және адами қарым-қатынас дағдылары мықты болуы керек. Кәсіпкерлер – білім және әлеует тұрғысынан қалыпқа сыймайтын адамдар деген түсінік те бар.
Жалпы «Кәсіпкерлерге әлеуметтік және академиялық білім қажетсіз» деген сенім қалыптасқан. Бұл – кейбір бизнес иелері оқуды тастап не жұмыстан шығып кеткеннен кейін табысты кәсіпорын бастағанына байланысты шыққан сөз. Бүгінде кәсіпкер әлеуметтік, экономикалық және академиялық тұрғыдан қаһарман болып саналады.
Қоршаған орта, кәсіпорын мен кәсіпкердің белсенді әрекеттері кәсіпкер бейнесінің алуан түрін қалыптастырды. Әлем университеттерінде жүргізілетін қазіргі заманғы зерттеулер, болашақта табысты кәсіпкерлердің түрлі бейнесі туралы нақты түсінік береді.
«Тт» ақпарат
Фото: ашық дереккөзден