Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » «Жас кәсіпкер» жобасы аясында кәсібін ашты

«Жас кәсіпкер» жобасы аясында кәсібін ашты

Жалағаш ауданының тұрғындары Шыңғыс және Әзиз Ғаппаровтар «Жас кәсіпкер» жобасының түлектері. Олар 2019 жылы аталмыш жоба бойынша кәсіпкерлік білімдерін жетілдіреді. Өздерінің бизнес-жоспарларын Шыңғыс «Техника жөндеу орталығын ашу», ал Әзиз «Автокөліктердің дөңгелектерін желімдеу» қызметі бойынша қорғап шығады.

Олар автокөліктерге қызмет көрсету үшін ғимаратты өз күштерімен салып, алдын ала дайындап қойған еді. Ендігі жерде шеберханаға қажетті құрал-жабдықтарға қаражат қажет болады. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында біліктіліктерін жетілдірген ағайынды жігіттер «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы 505 мың теңгеден қайтарымсыз қаржы – грантты жеңіп алып, ойлаған мақсаттарын жүзеге асыруда.

«Гранттан ұтып алған қаржыға заманауи құрал-жабдықтарды сатып алып, жұмысымызды кедергісіз бастап кеттік. Техника жөндеу орталығымызда автокөлікке қызметтің барлық қажетті түрлерін көрсетеміз. Жалағаш ауданында 3000-нан астам автокөлік бар. Халық біздің қызметімізді пайдалануға үйренді. Мұндай қызмет көрсету орталығын тағы да екі жерден ашуды жоспарлап отырмыз», - дейді жас кәсіпкер Әзиз Ғаппаров.

Жастайынан техникадан хабары бар Шыңғыс пен Әзиз көліктің кез келген түрінің тілін меңгеріп алған. Бұл орталықта қызметін пайдаланушылар толастаған емес. Ағайындылар ашқан шеберханада автокөліктердің дөңгелектерін жөндеу, желімдеу, көлік жуу және өзге де қызмет түрлері сұранысқа ие.

Айта кету керек, өткен жылы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлері «Жас кәсіпкер» жобасы аясында Қызылорда облысы бойынша 1100 азаматты оқытқан. Олардың ішінен 578 жастың жобасы жалпы сомасы 301,9 млн.теңгеге қаржыландырылған.

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
        
           
24 тамыз 2020 ж. 239 0