Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Құрылыс сапасы бақылауда

Құрылыс сапасы бақылауда

Ауданымыздың көркеюі, гүлденуі – тұрғындар үшін де, сырттан келген қонақтар үшін де маңызды. Әдемі, таза жерде жүріп-тұру денсау-лығымыз үшін тиімді. Ауданымыз бүгінде күн санап жаңарып, жасарып келеді. Түрлі ғимараттар бой көтеріп, құрылыс, жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Ауданда атқарылып жатқан әрбір нысан құрылысы аудан әкімінің тікелей бақылауында. Себебі қай жұмыс болсын, сапалы, жүйелі жүргізілуі орынды. Бүгін салынған нысанның игілігін жылдар бойы ұрпақтарымыз көретін болады. Осы ретте аудан әкімі жұмыс жоспарына сай құрылыс нысандарын аралап, тиісті сала мамандарына нақты тапсырма жүктеді.

Биыл Сыр өңірінде «Руханият жылы» деп жарияланды. Осыған байланысты ауданда аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен салтанат сарайы, музей, архив, тәулік бойына жұмыс істейтін кітапханасы бар және жастар, ардагерлер мен аналар бас қосатын «Руханият» орталығының құрылысы жүргізілуде. Бүгінде қарқынды құрылыс жұмыстары жос­парға сай жүргізілуде. Наурыз айында басталған жұмыстар бүгінде бел ортасынан асты деуге негіз бар. Осы орайда аудан әкімі Берік Сәрменбаев орталықтың жұмыс құрылысының барысымен танысты.

– Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы­ның бастамасымен салынып жатқан бұл нысан аудан үшін өте маңызды. Зиялы қауым өкілдері мен аудан жастары бас қосатын орталықта рухани азық берер кітапхана, мәдени ошақтар, жас жұбайлар үлкен өмірге қадам басар салтанат сарайы болмақ. Ең бірінші сапаға мән беріп, мерзімінде құрылыс жұмыстарын аяқтауды сұраймыз, – деді Берік Әбдіғаппарұлы. 

Сондай-ақ аймақ басшысы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақса­тында жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырған болатын. Осы орайда Берік Әбдіғаппарұлы С.Сейфуллин ауылындағы №30 барлау-өндірістік ұңғымасын орнату бойынша монтаждау жұмыстарын бақылап қайтты. Биыл С.Сейфуллин және Іңкәрдария ауылдарында қосымша барлау-өндірістік ұңғымасын орнатуға аудандық бюджеттен қаржы бөлі­ніп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. С.Сейфуллин ауылындағы барлау-өндіріс­тік ұңғымасын орнату жұмыстарын мерді­гер мекеме «Stroy Global – 2018» ЖШС атқаруда. Ал Іңкәрдария ауылында құры­лыс жұмыстары енді басталады.

Сондай-ақ газетіміздің алдыңғы нөмер­лерінде Тереңөзек кентінде тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигон құры­лысы жүргізіліп жатқаны туралы жазып, тұрғындарды ақпараттандырған болатынбыз. Аталған жұмыстар да аудан әкімінің тікелей бақылауында. Полигон «Қызылорда-Жалағаш» автожолының бо­йы­нан көлемі 4 гектар жерге салынуда. Құрылыс жұмыстарын «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС атқаруда. Аудан басшысы құрылыс жұмыстарының сапасына мән беруді атап, тиісті салалық орынбасарына тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Айта кету керек, полигон шаруашылық және өндірістік аймақтардан тұрады. Өндіріс­тік аймақта тұрмыстық қатты қал­дықтарды сұрыптап жинайтын арнайы алаң, сүзгіш құдығы орналасады. Мұнда жылына 3500 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар сұрыпталмақ. Полигон іске қосылғанда экологиялық, санитарлық-эпи­де­миологиялық ахуал жақсарып, қорша­ған ортаға және адам денсаулығына оң әсері болары анық.
Сондай-ақ аудан басшысы кент орталы­ғындағы жөндеу жұмыстары жүргі­зіліп жатқан жаяу жүргіншілер жолы құры­лысымен танысты. Қазіргі таңда аудан орталығында ұзындығы 8000 метрді құрайтын Қ.Бөдеев көшесіне жаяу жүргін­шілер жолы салынуда. Жолдың құрылысын «Ақтоған» ЖШС жүргізіп, мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын ағымдағы жыл­дың қараша айына дейін жалғасады деп жоспарлаған. Айта кетейік, биылғы жылы Тереңөзек кенті бойынша бұдан бөлек 5 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарлануда. Оның ішінде, Д.Қонаев атындағы көшеде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатса, Жеңістің 50 жылдығы, Р.Алшынбаев, Ж.Құттыбаев, Қазақ көше­лерінде жаяу жүргіншілерге арналған жол құрылысы басталады.

«Тт» ақпарат
01 қазан 2024 ж. 89 0